Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Ақтөбе қаласын 23 секторға бөлу үшін карта әзірленіп жатыр

2020 жылдың 24 наурыз 2020 23:31

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында залалсыздандыру жұмыстарына 42 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар қаланы 23 секторға бөлу үшін арнайы карта әзірленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе қаласындағы 23 сектор құрамында мемлекеттік мекеме өкілдері бар. Сонымен қатар қала әкімінің барлық орынбасары, қалалық мәслихат хатшысы қадағалайды. Бәрін өзім бақылап отырамын. Күніне екі рет, таңертең және кешке облыс әкіміне есеп беріледі. Қажет болған жағдайда тұрғындарға ақпарат осы секторлар арқылы таратылады. Әлеуметтік желіде секторлар туралы ақпарат таратылады. Картасы да жасалуда. Жауапты мемлекеттік қызметкерлерінің телефоны жазулы болады. Мұның бәрі сақтық шарасы. Тек карантин жарияланған кезде осы тәртіппен жұмыс істейміз», - деді Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров.
Айта кетейік, бетперде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға тегін беріледі. Сонымен қатар масканы қолдану, жою нұсқамасы таратылады.
Қазір облыста барлығы 19 блок бекет әзірленді. Оның жетеуі магистральді, 12-і қалаішілік. Әзірге бұл дайындық жұмыстары ғана.

Жоғары қарай