Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері мен бас менеджері жұмыстан  кетті

2020 жылдың 17 ақпан 2020 16:30

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Ақтөбе» ФК бас менеджері Горан Велькович пен бас бапкер Владимир Маминов жұмыстан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақтөбе» ФК басқарма төрағасы Артур Смағұлов команданың шетелде өткен алғашқы оқу-жаттығу жұмысынан соң серб маманымен келісімшарт жасаудан бас тартты.
«Маусымның ресми ашылуына бір ай уақыт қалды, ал команда әлі жасақталмай жатыр. Селекция жұмысы өте нашар жүргізілді. Қазіргі уақытта команда дамымай жатыр, ойын өрнегі де көрінбейді. Мен шұғыл әрекет жасауға мәжбүр болдым», - деді Артур Смағұлов.
Клуб бүгін ресейлік бас бапкер Владимир Маминовты да қызметінен босатты.
«Жылдың басында жаңа маусымда команданы Владимир Маминов жаттықтырады деген шешім шыққан еді. Алғашқы оқу-жаттығу жиындарынан соң команданың жағдайы қанағаттандырмады. Жолдастық кездесулер мен команданың қаралымындағы жаңа ойыншылар көңілден шықпай, жаңа маусымға деген дайындық алаңдаушылық тудырды. «Ақтөбе«ФК басқарма төрағасы ресейлік маманмен келісімшартқа қол қоймау туралы шешім қабылдады. Маминов Түркиядағы команда қосынынан кетті. Бүгін командаға жаңа бас бапкер таныстырылады», - деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.


Жоғары қарай