Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбе эпидемиологтары жасөспірімдердің ата-анасына вакцинаның маңызын түсіндірді

2021 жылдың 24 қараша 2021 00:48

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде эпидемиологтар ата-аналарға Pfizer вакцинасын салдыруың мән-маңызын түсіндіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысына Pfizer вакцинасы 20 қараша күні жеткізіліп, емханаларға таратылды.

Ал 22-қараша күні егу жұмысы басталды.
Алғашқы күні 12 адам Pfizer вакцинасын салдырды. Оның 8-і - бала емізетін ана және төртеуі - жасөспірім.

«Сонымен бірге облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің оқытушы құрамы, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департамент қызметкерлері ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізілді. Атап айтқанда №1, 2, 3, 4, 5, 6 мектеп гимназиялары, №8 мектебі, №9 мектеп-гимназиясы, № 10, 11, 12, 13, 14 мектептерде кездесу өтті»,- деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева.


Жоғары қарай