Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтаудағы басынан дау арылмаған саябақ сенімді басқаруға беріледі

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 16:40

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудағы «Ақбота» саябағы сенімді басқаруға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен аппараттық жиында қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлім етті.

Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, саябақтың қазіргі жағдайы қала тұрғындарының сұранысына сай емес. Мәселені шешу үшін жүйелі шаралар қолдану қажет.

Қала әкімі қыркүйек айының соңына дейін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, орындықтарды, шағын сәулет нысандарын және т.б. қалпына келтіру қажеттігін атап өтті.

⁃ «Облыс басшылығының бақылауында тұрған мәселеге қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасары мен құрылымдық бөлім басшылары толықтай жауапты. Сондай-ақ, бұл мәселені шешу үшін бізге нәтижелі шешімдер қабылдау қажет. Саябақты сенімді басқаруға беру керек. Кәсіпкер сервистік қызметтер арқылы табыс тауып, осылайша саябақтың жағдайын оңтайландыру үшін жұмыстанады. Жергілікті бірнеше кәсіпкер мұнымен айналысуға дайын, біз байқау жариялап, «Ақбота»саябағын дамыту мен күтіп ұстаудың үздік жоспарын ұсынатын адамды таңдаймыз. Қала тұрғындары үшін саябаққа кіру тегін болады»,- деді Н. Қилыбай.


Фото:lada.kz
Жоғары қарай