Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтауда жол апатынан 2 адам қаза тауып, тағы 5-уі ауруханаға түсті

2021 жылдың 14 қазан 2021 10:30

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында 3 көлік соқтығысып, салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 13 қазан күні сағат 16:51 шамасында «LPG Trade»газ құю бекетіне қарама-қарсы жолда болған.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Ақтау қаласынан Мұнайлы ауданына бара жатқан «Chevrolet Cobalt» автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, инкассаторлық «ГАЗель» көлігімен және «Daewoo Nexia» машинасымен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан «Chevrolet Cobalt« автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, зардап шеккендердің бесеуі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.



Жоғары қарай