Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтауда жаңа жылдық безендіруге қаржы бөлінбейді

2020 жылдың 25 қараша 2020 17:24

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда қаланы жаңа жылдық безендіруге қаржы бөлінбейді. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Серік Гусман мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бөлек, әкімдік кәсіпкерлерге өз нысандарына мерекелік безендіру жасау туралы ұсыныс білдіреді.

«Биыл жаңа жылды тойлауға байқау болмайды, қаражат бөлінбейді. Қала жаңа жыл мерекесі қарсаңында ойыншықтар мен әшекейлердің ескі қорларынан безендіріледі. Бізде жаңа шыршалар бар, бәрін іліп қоямыз. Әкімдіктік кәсіпкерлерге өз нысандарын мерекелік безендіру туралы ұсыныс хат жолдайды», - деді қала басшысының орынбасары.

Серік Гусманның айтуынша, екі жасанды шырша облыс орталығында, тағы біреуі Өмірзақта орнатылмақ.


Автор Қаракөз Марат
Басты сөздер: Маңғыстау облысы, Қоғам,
Жоғары қарай