Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Ақтауда үздік полицейлер марапатталды

2020 жылдың 7 қаңтар 2020 20:01

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Таймерденов саладағы үздік қызметкерлерді марапаттады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өз саласы бойынша қызметінде жоғары көрсеткішке қол жеткізген полицейлер қатары жыл сайын артып келеді. Бірі басын қатерге тігіп, ерлік көрсетсе, бірі мінсіз еңбегі үшін алғысқа лайық деп танылды», - деді Қанат Таймерденов.





«Үздік басшы» атағына Бейнеу ауданы Полиция бөлімінің полиция полковнигі Жұмағали Бөкен Бегерұлы лайықты деп табылды.

«Үздік жедел уәкіл» - Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі полиция капитаны Избасаров Ержан;

«Үздік тергеуші» - ПД Тергеу басқармасының жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі полиция майоры Клименко Алексей;

«Үздік анықтаушы» - ПД Тергеу басқармасының аға анықтаушысы полиция капитаны Шагирбаев Имаммагзум;

«Үздік учаскелік полиция инспекторы» - Ақтау қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Айбеков Бауыржан;

«Үздік полицей» - ПД Айдауыл қызмет ротасының полицейі полиция аға сержанты Кошмағанбетов Асылбек және Ақтау қаласы ПБ Патрульдік полиция батальонының 3-рота 1-взвод полицейі полиция сержанты Абдирешев Ерназар;

«Үздік мемлекеттік әкімшілік қызметші» - Мұнайлы ауданы ПБ кеңсесінің жетекші маманы Маскарова Бахтыгүл болып танылды.




Сондай-ақ, жиында Қ.Таймерденов полицияға түскен әрбір өтініш міндетті түрде қаралып, назардан тыс қалмайтынын атап өтті.




«Сыртқы қызметтерге келетін болсақ, бір жыл ішінде олар 134 мыңнан астам құқықбұзушылықты анықтады, олар бойынша 700 млн. теңгеден астам айыппұл салынды. Оның 578 млн. теңгесі мемлекет кірісіне өндіріп алынды, өндіріп алу пайызы 74,7 құрады»,-деді.

Жалпы, жыл қорытындысы бойынша өңірде тіркелген қылмыстардың саны 4,4%-ға, оның ішінде кісі өлтіру (3,7%-ға), зорлау (3,8%-ға), тонау (32,8%-ға), бұзақылық (33,2%-ға) және бөтеннің мүлікін ұрлау (13,2%-ға) азайған.

Сондай-ақ, көше қылмыстары (26,6%-ға), қоғамдық орындардағы қылмыстар (19,7%-ға), кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар (1,4%-ға) және қару қолданып жасалған қылмыстар (41,2%-ға) кеміді.





Жоғары қарай