Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Ақтауда тыйым салынған препарат сатқан дәріхана анықталды

2019 жылдың 6 қараша 2019 22:20

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда профилактика шарасы кезінде тыйым салған препаратты рецептісіз сатқан дәріханалар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Алтынбек Қалиев хабарлады.

«Жалпы, бізде «Допинг» профилактикалық шарасы өтеді. Онда аптекалар, ауруханалар тексеріледі. Құрамында есірткі бар препараттар болады, оны рецептісіз сатады. Ондай фактілерді анықтап, 2 дәріхана иесі жауапқа тартылды. Оларға 50 АЕК, 100 АЕК айыппұл салынды», - дейді МО Полиция департаменті бастығының орынбасары Алтынбек Қалиев.

Жалпы, жыл басынан бері 278 тұлға есірткі қылмысына қатысты жауапкершілікке тартылса, 394 заң бұзушылық анықталған. Оның ішінде есірткіні ірі көлемде сақтау фактісі — бесеу, есірткі құрамдас өсімдікті өсіргендігі туралы төрт дерек тіркелген. Сондай-ақ, есірткі тасымалдаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. 5 адамнан тұратын топ осы уақытқа дейін ірі көлемде қауіпті заттарды сатып келген.

«2 есірткі контрабандасы фактісі анықталды. 3 есірткі притондарын ұйымдастыру және ұстау дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан 197 кг 865 грамм әртүрлі есірткі заттар тәркіленді. Оның ішінде 630 героин заңсыз айналымнан алынды», - дейді Алтынбек Қалиев.

Жоғары қарай