Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Ақтауда сәбидің үстіне ыстық сорпа төккен балабақша қызметкеріне қатысты іс тоқтатылды

2020 жылдың 4 ақпан 2020 01:13

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Алты жастағы ақтаулық бүлдіршіннің үстіне ыстық қазанды құлатып алған балабақша қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс тоқтады. Айыпталушылар мен жәбірленуші тарап өзара келісімге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл оқиға былтыр наурыз айында болған еді. Балабақша ішінде жүгіріп жүрген қыз бала қазан көтеріп келе жатқан тәрбиешінің көмекшісіне соқтығысып қалады. Ыстық сорпадан бүлдіршін денесінің 29 процентін күйік шалады. Осы жағдайдан кейін қызметтік тексеру жүріп, меңгеруші мен тәрбиешіден түсініктеме алынды. Тәрбиеші мен оның көмекшісі және мейірбике жұмыстан шығарылды. Тоғыз ай емделген баланың жағдайы елордада жасалған операциядан соң жақсарған. Ата-анасы болса қалалық білім бөлімінен бес млн теңге мен кінәлі тұлғаларды қатаң жазалауды талап етті. Жазбаша арыз негізінде алдымен азаматтық іс қозғалып, 800 мың теңге өндіріліп алынды.

Ал қылмыстық іс бүгін тоқтатылды.

«Аталған іс бойынша сот сотталушылардың өз кінәларын мойындап, істеген әрекеттеріне өкініп отырғанын назарға алды. Сотталушылар мен жәбірленушілерге татуласуға мүмкіндік берілді. Жәбірленуші тарапынан кешірім берілді. Сонымен қатар, Ақтау қалалық білім бөлімінің атына мамандарды жұмысқа алу барысында оның әрекеттерін бақылап, бұл әске жауапкершілікпен қарау жөнінде қаулы шықты. Балабақша меңшерушісі Юлдашеваның әрекетіне процессуальдық шешім қабылдау жөнінде қалалық прокуратураға жеке қаулы жолданады»,-деді қалалық сот судьясы Гүлмаржан Әділсұлтани.


Жоғары қарай