Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Ақтауда рұқсатсыз орнатылған жарнамалық билбордтар алынып тасталды

2019 жылдың 3 наурыз 2019 08:36

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында орнатылған жарнамалық конструкцияларға мониторинг жүргізілдi, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, тексеру барысында заңсыз орнатылған және иесіз тұрған билбордтар анықталды.

«Ақтау қалалық сəулет жəне қала құрылысы бɵлiмiнiң рұқсатынсыз жарнамалық билбордтар орнатып, мемлекетке салық төлемеген бірқатар конструкциялар алынып тасталды», - делінген хабарламада.




Мамандар кәсіпкерлерге жарнама орнатар алдында қала әкімдігінде рұқсат қағазын рәсімдеу керектiгiн жəне жарнама жасағаны үшiн тɵленетiн салықты мемлекет қазынасына уақтылы төлеу керектігі түсіндірілді.







Жоғары қарай