Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтауда ретрофестиваль онлайн форматта өтті

2020 жылдың 14 қазан 2020 13:41

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда жаңа телевизиялық ретрофестиваль көрерменге ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақтау қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Биыл өткізілген ретрофестиваль қала күніне арналған. Пандемия салдарынан фестиваль онлайн форматта өтті.

Оған 25 жастан жоғары қала тұрғындары мен өнер адамдары қатысты.

Іріктеу нәтижесінде 10 адам жолдама алды.

Ретрофестивальдің телевизиялық нұсқасы 24 қазан күні, сағат 21:00 -де «AQTAU.TV» телеарнасының эфирінен көрсетіледі.

«Ретрофестиваль бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл біз жоспарлаған барлық шаралар ерекше өтіп жатыр. Бұған дейін фестиваль теңіз жағасында, амфитеатр сахнасында кең көлемді аталып өтетін. Биыл «AQTAU.TV« телеарнасымен бірлесіп, телевизиялық жобасын әзірледік. Фестивальдің басты мақсаты сонау 60-70 жылдарға саяхат жасап, пандемия кезінде адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлау болды», - деді Абай атындағы мәдени демалыс кешені директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Маргарита Омарова.



Жоғары қарай