Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтауда опырылған жатақханада зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

2021 жылдың 21 шілде 2021 00:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ақтау қаласында болған төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында коронавирус инфекциясымен күрес республикалық жедел штабының отырысын өткіздік. Өңірдегі ағымдық жағдайды бағалап, нақты ұсынымдар бердік. Сонымен қатар Ақтау қаласындағы төтенше жағдайдың салдарынан зардап шеккен сотталушылардың жағдайымен таныстық. Науқастардың денсаулығын бақылап, дәрігерлермен кеңес өткіздік. Зардап шеккендердің біреуінің жағдайы тұрақты ауыр, үшеуі орта деңгейлі түрлі жарақат алған. Оларға барлық медициналық көмек толықтай көрсетіліп жатыр», - деп жазды А. Цой Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетсек, 19 шілде күні Ақтауда сотталғандарға арналған жатақхана қирап, екі адам мерт болды. Оқиға кезінде жатақхана ішінде 10 адам болған, олардың 9-ы қауіпсіз жерге шығарылды. Нәтижесінде 2 адам ауыр жарақаттан қайтыс болды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген еді.


Жоғары қарай