Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтауда мейрамхана иесі той жасағаны үшін 640 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді

2020 жылдың 16 қыркүйек 2020 22:24

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда карантин кезінде той өткізгендерге айыппұл салынды. Бұл жөнінде облыстың қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Ақтау қаласында өткен тойдан түсірілген видеоматериал фактісі бойынша жергілікті полиция қызметі мен тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері салтанатты шараның өткен орны мен оның иесінің кім екенін анықтады. Аталған басқарма тойхананың иесін Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қозғап жатыр. Маңғыстау облысының полиция департаменті аталған шараны ұйымдастырушыларды анықтау үшін жұмыс жүргізуде», - дейді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысы энергетика басқармасының қызметкеріне қатысты көпшілік шараны өткізу фактісі бойынша Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабы 1-бөлігімен 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Осы жағдай бойынша қазір Маңғыстау облыстық әкімшілігіне және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік департаментіне одан әрі шара қолдану жөнінде ресми хат жолданды.

Сонымен қатар той өткізілген орынның меншік иесіне қатысты да хаттама толтырылып, 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда тығылып той жасағандардың видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткенін жазған болатынбыз.



Жоғары қарай