Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйлердің сырты боялады

2020 жылдың 27 мамыр 2020 21:40

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда көп қабатты тұрғын үйлердің сыртын бояу жұмыстары басталады,-деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Биыл 177 үйдің қасбеті түрлі түске енбек. Шаһарды көркейтуге бағытталған шараға қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді.

Қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің сырты екі жыл бұрын боялды. Ол кезде қаланың 55-жылдығына орай, 25 шақты үйдің сырты кәсіпкерлердің демеушілігімен жаңарған болатын.

«25 шағынаудан бойынша жолдың бойындағы тұрғын үйлердің қасбеттерін (фасад) архитектуралық талаптарға сәйкес бояуды қолға алып отырмыз. Барлығы 440 213 шаршы метр қабырға сырланады. Бұл дегеніміз қаладағы 21 шағынауданның орталық көше жағындағы көп пәтерлі тұрғын үйлері. Түсіне қатысты бірнеше үлгілері жасалады»,-деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаев.












Жоғары қарай