Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтауда көлігімен адам қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 03:14

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 28 жастағы әйелді қағып кеткен көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 12 және 13 шағынауданды байланыстыратын жаяу жүргіншілер жолағында болған. Қазір кінәлі іздестірілуде. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы мәлімдеді.

Куәгерлердің айтуынша, әйелді жол талғамайтын сұр түсті көлік қаққан.

Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысы жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 4 минутта жеткенін айтады. Жәбірленушінің миы шайқалып, бас сүйегі зақымданған.

«Әйел Маңғыстау облыстық ауруханасының травмотология бөліміне жатқызылды. Тиісті медициналық көмектің бәрі көрсетілуде. Жағдайы тұрақтаған соң үйіне жіберіледі. Дәл қазіргі жағдайы тұрақты»,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуов.


Жоғары қарай