Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтауда ер адам биіктен құлап мерт болды

2021 жылдың 19 қазан 2021 10:37

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда ер адам биіктен құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 18 қазанда сегізінші шағын ауданның сегізінші үйінде болған.

Полиция департаментінің жедел басқару орталығына сағат 19:04-те қоңырау түскен. Ер адам биіктен құлаған кезінде алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

«1951 жылы туған ер адам бесінші қабаттан құлап кеткен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері шықты. Аталған факті Ақтау қалалық полиция басқармасында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстауда көлік түйемен соқтығысып, бір адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Қайғылы оқиға «Бейнеу-Боранқұл» тасжолында болған.


Автор Қаракөз Марат
Басты сөздер: Оқиға, Маңғыстау облысы,
Жоғары қарай