Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтауда екі көлік соқтығысып, жүргізуші көз жұмды

2021 жылдың 20 қазан 2021 15:21

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда жол апаты салдарынан екінші көліктің жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға 19 қазан сағат 21:10 шамасында болған.

Ақтау қаласы полиция басқармасының «102» кезекші пультіне «Каспий Битум» мекемесі жанындағы жол-көлік оқиғасы туралы шақыру түскен.

Анықталғандай, «Nissan Terrano» автокөлігінің жүргізушісі басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып, қарсы жолда келе жатқан «Лада 21703» автокөлігімен соқтығысқан.




«Жол апаты салдарынан «Лада 21703» автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен жолаушы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді», - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.




Естеріңізге сала кетейік, дәл сол күні жолдың тыйым салынған жерін кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 59 жастағы ер адам оқиға орнында алған жарақатынан көз жұмды.


Жоғары қарай