Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Ақтау және Құрық теңіз порттарының транзиттік мүмкіндіктерін дамыту мәселелері талқыланды

2020 жылдың 15 ақпан 2020 03:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Ақтау және Құрық теңіз порттарының транзиттік мүмкіндіктерін дамыту мәселелері бойынша Маңғыстау облысында көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қатысушылардың баяндамалары бойынша, қазіргі уақытта Құрық, Ақтау және солтүстік Ақтау теңіз терминалы 25, 80 және 60 пайыздық көрсеткіштерге сәйкес жұмыс істеп келеді және бір-біріне бәсекелес болып отыр.

Сондай-ақ, Құрық портында өз паромдарының болмауына байланысты Әзірбайжан паромдарын жалға алуға тәуелді болып отырғаны да айтылды. Тараптар сонымен қатар портта қажетті құрғақ жүк пен инфрақұрылымның салынбағаны, атап айтқанда қоймалардың жоқтығы негізгі проблема екенін атап өтті.





«Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары Павел Соколовтың айтуынша, Қазақстанда бірдейленген тарифтер деңгейі ЕАЭО-ға мүше басқа елдерге қарағанда 2-3 есе төмен әрі ол көлік компанияларын теңсіздікке ұшыратып отыр.

Көшпелі отырысқа қатысушылар инфрақұрылымды жаңғырту, транзитті ұлғайту үшін жағдай жасау, транзитті тексеруге мораторий енгізу мүмкіндіктерімен бірге әкімшілік кедергілерді азайту қажеттігін проблемалардың шешімі ретінде атап өтті.

Депутаттарға сондай-ақ отандық кемелердің Ресейдің ішкі су жолдары арқылы ашық теңіздерге транзитпен өтуіне рұқсат берудегі 3 айдан 6 айға дейін созылатын рәсімінің ұзақтығы туралы да айтылды.

Серік Жақсыбеков шараны қорытындылай келіп, 2020-2025 жылдарға арналған Денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту жөніндегі қабылданған жаңа мемлекеттік бағдарламаларға баса назар аударды және айтылған ұсыныстарды Парламент жұмысында пайдаланылатынын жеткізді.























Жоғары қарай