Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтау тұрғыны үлкен көлемдегі қару-жарақты үйінде сақтап келген

2019 жылдың 26 қазан 2019 15:14

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау тұрғыны қару-жарақты сатып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері В есімді азаматтың тұрғылықты жерін тінтіп, үлкен көлемдегі қару-жарақты, оқ-дәрілер мен бөлшектерді тапты.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, полиция департаментінің Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

Күдікті уақытша қамау изоляторында. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

Сондай-ақ, сот-баллистикалық сараптама тағайындалған. Қазір күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.













Жоғары қарай