Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтау қаласындағы мал соятын орындарда карантин талаптары қатаң сақталған

2020 жылдың 30 шілде 2020 20:34

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда Құрбан айт рәсімін өткізуге екі мал базары және мал сою пункті дайындалды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтсақ, біріншісі - 29 шағынауданында орналасқан «Елнар» мал базары және мал сою пункті. 2-шісі «Нұр» мал базары және мал сою пункті, №2 өндірістік аймақ (Приозерный) «Мағаш нан» зауытына қарама-қарсы орналасқан.

«Екі мал базарында да мал саны жеткілікті. Қазіргі кезде әкімдік, полиция қызметкерлері мен Ақтау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде. Жалпы, екі мал сою пунктінде де санитарлық ережелер қатаң сақталған. Бетперде киіп, 1,5-2 метр арақашықтықты сақтап, антисептик қолдану міндеттелген»,-деп хабарлады Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.





Жоғары қарай