Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтау әуежайының қызметкері авиациялық отынды заңсыз сатқан

2021 жылдың 19 қараша 2021 17:35

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ ЖЖМ қызметінің жүргізушісі А.Әбдікамаловты авиациялық отынды заңсыз сату әрекеті кезінде ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеу барысында ол әуежайдың ЖЖМ қоймасының меңгерушісі М.Чапаевпен бірге авиациялық отынды (керосинді) ұрлауды ұйымдастырғаны анықталды.

Болашақта олар керосинді литріне 120 теңгеден сатқан. Алыпсатарлар отынды мотор майымен араластырып, үшінші тұлғаларға литріне 150-160 теңгеден сатқан.

Барлығы 63 мың литрден астам авиациялық отын ұрланған.

Бұл адамдар 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.


Жоғары қарай