Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақсу қаласында өртенген пәтерден қарияның денесі табылды

2021 жылдың 31 қазан 2021 23:18

АҚСУ. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Ақсу қаласында пәтер өртеніп, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 30 қазан күні кешкі 17.30 кезінде Ақсу қаласының маңындағы Қалқаман ауылында пәтер өртеніп жатқаны жайлы хабар түскен.

Өрт сөндіру қызметі тез арада отқа оранған үш қабатты тұрғын үйге келіп жетті.

«Үйдің екінші қабатындағы пәтердің бір бөлмесінде 15 шаршы метр аумақта үй жиһаздары, заттар мен тұрмыстық техника жанған. Қызметкерлер пәтерді тексеру кезінде 1949 жылы туған ер адамның денесін тапты» деп мәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар келгенге дейін осы үйде тұратын 15 адам, оның ішінде екі бала ғимараттан шығып үлгерген.

Ведомствоның мәліметіне сенсек, тілсіз жау кешкі 18.07 шамасында сөндірілген. Алдын ала себеп - отты пайдаланғанда абайламау.


Жоғары қарай