Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны 3 млн-нан асты

2020 жылдың 15 шілде 2020 07:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны 3 млн-нан асып кетті, деп хабарлайды Хабар24kz.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, бір ғана Флорида штатының өзінде 282 мың адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, 4 мыңнан астам науқас қайтыс болды. Бұл вирус ошағы болған Қытайда дертке шалдыққандар санынан үш есе көп. Калифорнияда да науқастардың күрт көбейгені байқалып отыр. Індеттің өршуіне тосқауыл қою үшін жергілікті билік карантин режимін күшейтті. Атап айтқанда, штатта мейрамханалар, кинотеатрлар, музейлер және зообақтардың жұмысына шектеу қойылды. Сонымен қатар 30 округте шіркеулер, кеңселер, фитнес орталықтары және шаштараздар жабылды.

«Отбасыңыздан тыс адамдармен араласуды тоқтата тұрыңыз. Бұл – қарапайым қағида. Алайда мұны да сақтамайтындар бар. Лос-Анджелес пен Сан-Диего мектептерінде жаңа оқу жылында сабақ онлайн режимде өтеді. Эпидемия бәсеңдегенше, қашықтан оқу форматын қолдануға тура келеді»,-дейді Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсом.


Басты сөздер: Медицина, Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай