Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АҚШ-та оқушы мектепке қарумен келіп үш адамды атып өлтірді

2021 жылдың 1 желтоқсан 2021 18:15

МИЧИГАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Мичиган штатындағы мектептің бірінде 15 жастағы жасөспірім үш оқушыны атып өлтірді және тағы сегіз адамды жарақаттады, соның ішінде мұғалім де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Шабуылдың құрбандары 16 жастағы мектеп оқушысы және 14 және 17 жастағы қыздар. Зардап шеккендердің екеуіне ота жасалды, жарақат алған тағы алты адамның жағдайы ауыр. Иығынан жараланған мұғалім ауруханадан шығарылды.

Полицияның хабарлауынша, оқ атқан оқушы өткен жұма күні әкесі сатып алған жартылай автоматты тапаншаны қолданған.

Оқиғаның қалай өрбігені әлі белгісіз. Тергеушілер жасөспірім қаруды мектепке сөмкесіне салып әкелген, сосын дәретханаға апарып, сол жерден алып шығуы мүмкін деп болжайды. Оқушылар шабуыл кезінде парталардың астына тығылғандарын айтты.


Басты сөздер: Оқиға, АҚШ, Әлем,
Жоғары қарай