Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АҚШ-та қонақ үйде атыс болып жатыр

2020 жылдың 17 мамыр 2020 22:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-та Рокфорд қаласындағы (Иллинойс штаты) Super 8 қонақ үйінде белгісіз біреу оқ атып, кем дегенде бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы жексенбі күні болған баспасөз мәслихатында жергілікті полицияның басшысы Дэниел О'Ши мәлім етті.

Оның айтуынша, полицейлер жергілікті уақытпен түн ортасына таман оқиға орнында жеткен.

Оқ жаудырған адам қонақ үйге тығылған. Онымен полицейлер арасында атыс басталды.

Телеарнаның көрсетуінше, оқиға болған жерге шұғыл арнайы жасақ келген.

Бұл келеңсіз жағдайдың себебі әзірге белгісіз.


Басты сөздер: Оқиға, АҚШ,
Жоғары қарай