Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 439.01
EUR 474.61
RUB 5.75
CNY 61.91

АҚШ-та әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета және марка шығарылды

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 00:01

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Вашингтондағы Елшілігі әл-Фарабидің ескерткіш монеталарын, сондай-ақ Абай Құнанбайұлы бейнеленген пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті, деп хабарлады ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Монетаның алдыңғы жағында әл-Фараби бейнеленген, ал екінші жағында қазақ халқының мәдени және рухани мұрасының қайта өркендеуін бейнелейтін бүркіт бейнеленген «Рухани жаңғыру» логотипі орналасқан.
Сонымен қатар, Елшілік биыл әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының мерейтойларына арналған бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда ақпан айында АҚШ-тың жетекші университеттерінде қазақ фильмдерін көрсете бастайды.




Жыл бойы фотокөрмелер мен дөңгелек үстелдер, сондай-ақ америкалық сарапшы және академиялық топтар үшін Абай Құнанбайұлы мен әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптардың көрсетілімдерін өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, елшіліктің ақпараттық ресурстарында батыс саяхатшылары жасаған 19 ғасырдағы Қазақстан тарихының фотосуреттері тұрақты негізде орналастырылуда.


Жоғары қарай