Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АҚШ-та 4 баланың анасы вакцина алғандар арасындағы лотереядан млн доллар ұтты

2021 жылдың 8 шілде 2021 14:46

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Төрт баланың анасы колорадолық Хейди Рассел COVID-19-ға қарсы вакцина салғандар арасындағы лотереядан миллион доллар ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мамырда губернатор Джаред Полис екпе алғандар арасында өтетін лотереядан бес тұрғын осындай сома ұта алатынын хабарлаған болатын. Ақша иммундау ауқымын арттыру мақсатында штатқа бөлінген федералды қаражаттан беріледі.

«Бұл ұтыс төрт баланы өсіруге көмек болады. Алайда мен осы қаражатпен басқаларға да көмек көрсете аламын деген үміттемін», - деді жеңімпаз CBS телеарнасына.

Отбасының басқа мүшелері де ұтысты өздеріне пайдалы етіп жұмсайтынын айтады. Расселдің сөзіне қарағанда, оның қыздарының бірі осы қаражаттың ішінен өзінің колледждегі оқуының ақысын төлемек.


Жоғары қарай