Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

АҚШ пен Еуропадағы бейбіт шерулердің тек жақсы жағын алу керек – Александр Белянов

2020 жылдың 17 ақпан 2020 17:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Біз Еуропа мен АҚШ-та өтіп жататын бейбіт шерулердің тек жақсы жағын алуымыз керек. Бүгін Алматыда өткен талқылау барысында қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Александр Белянов осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматыда «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындар, шеру, пикеттер, демонстрациялық жиналыстарды өткізу мен ұйымдастыру тәртібі туралы» жаңа заң жобасы талқыланды.

«Біздің қоғам дамып келеді. Бізде де митингілер өтетін болады. Бірақ барлығы халықаралық стандартқа сай болуы тиіс. Біз халықаралық қауымдастық алдында ұятқа қалмауымыз керек. Еуропа мен АҚШ-та өтіп жатқан митингілердің ең жақсы үлгісін алуымыз керек. Ақиқат айтыста туады демекші, бүгін соны талқылау үшін жиналдық», - дейді ол.


Жоғары қарай