Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АҚШ Конгресінде Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына орай қарар ұсынылды

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 15:41

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - АҚШ Конгресінде Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына орай қарар ұсынылды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ Өкілдер палатасының мүшелері Д.Тайтус, С.Шабот және Э.Бера Конгресстің Халықаралық істер жөніндегі комитетінің қарауына Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай №616 қарарды енгізіп тіркеді.

Құжатта Қазақстанның жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі жаһандық режимді нығайту жөніндегі дәйекті жұмысына, сондай-ақ осы жылы 30 жылдығы атап өтілетін АҚШ-пен түрлі салалардағы, соның ішінде қауіпсіздік, адам құқықтары және басқа да салалардағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға бейілділігі атап өтілді.

Конгрессмендердің бастамасы АҚШ заң шығарушы органы мүшелерінің Қазақстанның таратпау режимін нығайтуға және жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесіне, оның ішінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы саладағы күш-жігеріне және әлемге ядролық қатерді азайту ісіндегі бірлескен жетістіктеріне назар аударатынын көрсетті.


Жоғары қарай