Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АҚШ-қа вакцина салдырғандар бара алады

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 13:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлыбритания мен ЕО елдері АҚШ-тың таяу уақытта елге толық вакцина алған шетелдіктерді кіргізуі туралы шешімін құптап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, АҚШ билігі пандемия басталған кезде елге кіруге тыйым салған болатын.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки бұл мәліметті былай деп нақтылады: «Қарашаның басында біз коронавирустың таралуына жол бермеу үшін АҚШ-қа келетін жолаушыларға қатаң шаралар енгіземіз. Біздің басты талабымыз – елге келетін барлық азаматтар толықтай вакцина алуы тиіс».
Британия премьер-министрә Борис Джонсон Туиттерде Вашингтонның бұл шешімі бизнес пен сауданың дамуына ықпал ететінін жазды. «Бұрынғы достардың қайта қауышатыны керемет болды», - деп атап өтті ол.
Әзірге талаптардың реттеуі тиіс біраз мәселелері бар. Мысалы, Ұлыбританияда кәмелеттік жасқа толмағандар вакцинаның тек бір дозасын алады, ал АҚШ бұны қабылдай ма? Көптеген еуропалықтар салдырған AstraZeneca вакцинасы АҚШ-та ресми бекітілмеген.


Жоғары қарай