Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АҚШ-қа кірудің жаңа шектеулері күшіне енді

2021 жылдың 6 желтоқсан 2021 22:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-та елге кірудің жаңа шектеулері күшіне енді. Бұл туралы ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Ел билігі коронавирусты анықтау үшін тестілеуден өту мерзімін қысқартты және оны вакцинацияланған келушілерге де міндеттеді.

Бүгіннен бастап коронавирустың таралуына байланысты елге кіруге жаңа шектеулер іске қосылды. Олар жаңа «омикрон» штамының тез таралуына байланысты қабылдануда. Бұған дейін инфекция жұқтыру деректері бірнеше Штатта анықталған болатын.
Әлемде жаңа COVID-19 инфекциясының «омикрон» штамын жұқтыру салдарынан бірде-бір өлім деректері тіркелген жоқ. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.
ДДҰ-ның Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан ұйымға жаңа штамды зерттеу үшін бірнеше апта қажет екендігін, бұл оның жұқпалылық деңгейін арттыруы және аурудың ауыр ағымын тудыруы мүмкін екенін анықтады.
ДДҰ «омикрон» жақын арада Еуропада басқа штамдарды ығыстыра алатын негізгі түрі болуы мүмкін деп болжады.
Бұған дейін ДСҰ сарапшысы Мария Ван Керкхов телеарнаға берген сұхбатында «омикрон» штамын жұқтырған адамдарда аурудың жеңіл ағымының тенденциясы байқалғанын айтты. Алайда, нақты жауап беру үшін әлі де ақпараттар жеткіліксіз.


Жоғары қарай