Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

АҚШ елшісі қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

2020 жылдың 21 наурыз 2020 22:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Х. Мозер қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті қазақстандықтар! Әз-Наурыз мерекесі құтты болсын! Баршаңызға татулық, береке-бірлік, татулық тілеймін! Наурыз – қаһарлы қысты еңсеретін кез ғана емес, жаңару күні. Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясының таралуымен өте күрделі кезеңге тап болғанымызды түсінемін. Бірақ, бұл сынақтан бірлесіп өтеміз. Көктемнің бұл мерекесі қуаныш пен шаттық әкелсін! Және ең бастысы – сізге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін! Жыл басы құтты болсын! Аман болайық», - деді елші.

Бүгін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы басталды. Мейрам күндері наурыз көже дайындалады. Сондай-ақ бұл күні көңілінде кірбіңі барлар татуласады, бұлақ көзін ашады, алдын ала үйін, ауласын кір-қоқыстан тазартады.

Айта кетейік, биыл коронавирус індетінің таралуына қарсы шараларға байланысты мерекені отбасында атап өту ұсынылады.


Жоғары қарай