Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

АҚШ астронавты ғарыштан Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

2021 жылдың 17 желтоқсан 2021 13:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - НАСА астронавты Марк Ванде Хай Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) бортынан Қазақстан Республикасын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен, сондай-ақ АҚШ-пен достықтың 30 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен өз атымнан және экипажымның атымнан Қазақстанды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен, сондай-ақ Қазақстан-Америка қарым-қатынасының 30 жылдығымен құттықтаймын», - деп атап өтті Марк Ванде Хай ХҒС-тағы борттан.

Сондай-ақ ол 30 жыл бұрын Құрама Штаттардың Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі екенін атап өтті. Содан бері екі ел барлық салаларда, соның ішінде ғарышты меңгеруде тығыз қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнатты.
«Маған Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан осы үлкен орбиталық зертханаға екі рет ұшу бағы бұйырды. Қазақстанның қолдауының арқасында маңызды жұмысты жалғастырып жатырмыз», - деді НАСА астронавты.


Жоғары қарай