Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақсай қаласында оқушы өзіне-өзі қол жұмсады

2017 жылдың 3 маусым 2017 22:47

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақсай қаласында 2 маусым күні №4 орта мектептің 10-сынып оқушысы өзіне-өзі қол жұмсады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінен түскен алдын ала мәліметке қарағанда, жасөспірім үйде жалғыз болған. Ресми емес жорамал бойынша оның мұндай қадамға баруына емтихан кезінде алған төмен бағасы себеп болған сыңайлы.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, бұл - осы аптада Ақсай қаласында орын алған екінші оқиға. 28 мамыр күні 1996 жылғы жігіт 10-шағынауданда тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен болатын.

Жоғары қарай