Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұжымы «АЛЖИР» мұражайын аралады

2021 жылдың 29 мамыр 2021 15:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында ҚР АҚДМ ұжымы «АЛЖИР» мұражайы мен мемориалдық кешеніне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомоствоның Telegram-каналына сілтеме жасап.

Іс-шара 20-ғасырдағы нәубетті жылдар құрбандарын еске алу және туған елдің тарихымен терең танысу мақсатында ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 1997 жылдан бері ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленген.











Жоғары қарай