Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақпарат министрлігінде Әзербайжан делегациясымен кездесу өтті

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 17:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Аида Балаева Нұр-Сұлтандағы Еуразиялық Медиа Форумның қатысушылары Әзербайжан Республикасының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс - шараға Әзербайжан Республикасы Президенті әкімшілігі медиа бөлімінің басшысы К.Гасанов, Телевизия және радио жөніндегі ұлттық кеңестің басшысы А. Исмаилов, Әзербайжан Республикасы Президенті әкімшілігі медиа бөлімі басшысының орынбасары О. Саттаров, Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А. Атамогланов, «Әзербайжан телевизиясы және радиохабары» ЖАҚ төрағасы Р. Маммадов қатысты.

Министр А.Атамоглановты жақында Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Уәкілетті Елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, Министрлік қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.




Оған қоса, Аида Балаева Әзербайжан аумағында кабельдік операторлар торында «Qazaq tv» телеарнасының хабар таратуына көмек көрсетуді сұрады, сондай-ақ Министрліктің Әзербайжан телеарналарымен бірлескен жобаларды іске асыруға, медиасаладағы мамандардың тәжірибе алмасуын ұйымдастыруға дайын екендігін білдірді.

А. Балаева Әзербайжан өкілдерін ағымдағы жылдың 27-28 қыркүйегінде өтетін «Astana Media Week» медиаапталығына қатысуға шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.





Жоғары қарай