Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмолалықтар Серік Сәпиевке тұлпар сыйлады

2022 жылдың 14 мамыр 2022 19:38

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында оқушылар арасында өткен «Жігер-2022» спартакиадасында Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев тұлпар мінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалар жылы» аясында Қорғалжын ауданындағы «Дәурен» стадионында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Берік Жанбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде спартакиданың балаларды дене шынықтырумен айналысуға жаппай тартуға, ұлттық спорт түрлерін танымал етуге ықпал ететінін атап өтті.

Жарыс қонақтарының арасында Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен бокстан әлем чемпионатының жүлдегері Азамат Қарлығашев болды. Белгілі спортшы Қорғалжын жерінен елімізге танымал спортшылардың түлеп ұшқанын атап өтті.

«Бүгін сіздер аудандық деңгейдегі жарысқа қатысып отырсыздар. Бұл спартакиада сіздерге Қазақстанның даңқын шығаратын халықаралық сайыстар үшін бастама болатынына сенімдімін», - деді Серік Сәпиев.

Шара барысында халықаралық жарыстарда еліміздің даңқын шығарып жүрген танымал спортшыларға қазақы дәстүрмен шапан кигізілсе, Серік Сәпиевке тұлпар тарту етілді.

Айта кетсек, спартакиада волейбол, тоғызқұмалақ, футбол, дзюдо, асық ату тәрізді спорт түрлері бойынша өтті. Оған ауданның 13 мектебінен барлығы 446 бала қатысты. Жарыс жеңімпаздары медаль, естелік сыйлықтарға ие болды.

Еске сала кетейік, Көкшетаудағы жалғыз соғыс ардагері қаланың Құрметті азаматы атанды.


Жоғары қарай