Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақмолалықтар бір күнде полицияға 32 тіркелмеген қару өткізді

2020 жылдың 2 шілде 2020 04:00

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының тұрғындары елде тіркелмеген атыс қаруын сатып алуға бағытталған акцияның алғашқы күнінде 32 қару өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға қарағанда, биыл күрделі экпидемиологиялық жағайды назарға ала отырып, тұрғындардан тіркелмеген атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу дәстүрлі акциясы онлайн форматта өтіп жатыр. Ол Ақмола облысының аумағында 1 маусымнан басталды.

«Ақмолалықтар бұл іске белсенділік танытып, акцияның бірінші күнінде-ақ полицияға тіркелмеген 32 қаруды өткізді. Қазіргі таңда өткізілген қарулар балисстикалық сараптамаға жіберіліп, оның нәтижесі бойынша әр қаруға қанша қаржы берілетіні белгілі болады»,-делінген полицияның хабарламасында.

Айта кететін мәселе, ерікті түрде өткізген азаматтарға қарудың әр данасы үшін 10-нан 100-ге дейінгі аралықтағы ең төменгі есептік көрсеткіш көлемінде төлем жасалады. Ал қаруға байланысты техникалық талаптарды арнайы комиссия қарайды.


Басты сөздер: Ақмола облысы, Қоғам,
Жоғары қарай