Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолалық триатлоншылар республикалық турнирдің жүлдегері атанды

2021 жылдың 12 мамыр 2021 19:10

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық спортшылар Тараз қаласында өткен бессайыстан Қазақстан Республикасының 5-ші Жастар спорт ойындарында жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жарыс суда жүзу, семсерлесу және лазер-ран бойынша өтті. Оған қатысқан 18 жасқа дейінгі ақмолалық спортшылар барлығы 7 медаль иеленді. Нәтижесінде жалпы командалық есепте Ақмола облысы үздік үштіктен көрінді. Бұл жарыстағы жеңіс, спортшылар үшін алдағы жетістіктерге жетелейтін демеу болды.

«Жарысқа тыңғылықты дайындалдық. Өңірдің намысын лайықты қорғауға барымызды салдық. Сол сенім мен үмітті ақтадық деп ойлаймын. Бізде бессайыс бөлімінің ашылғанына небәрі жарты жыл ғана болды. Спорттың бұл түріне қызығушылық танытқан спортшылар бізде әлі де аз. Сондықтан жарыста өңір намысын триатлоншылар қорғады. Мәселен, бессайыстағы семсерлесуге біздің спортшылар 2 ай ғана дайындалып үлгерді. Десе де, осындай жоғары нәтижеге қол жеткіздік», - деді жарыс жеңімпазы Анатолий Голубь.

Атап айтсақ кәсіби тұрғыда жалпы өңір бойынша спорттың триатлон түрімен 112 адам айналысады.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Спорт,
Жоғары қарай