Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолалық студенттер ТМД ең үздік жас ғалымдар қатарынан көрінді

2020 жылдың 23 қараша 2020 19:13

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері ТМД ғылыми-білім беру мекемелерінің арасындағы «Ең үздік жас ғалым-2020» халықаралық жобасының қорытындысы бойынша ең үздік жас ғалым атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық саясат басқармасына сілтеме жасап.

Білім ордасының студенттері Аслан Әбутәліпов және Балнұр Қарасай ғылым мен білімнің дамуына үлес қосқан «Ең үздік жас ғалым-2020» халықаралық жобасының бірінші деңгейлі дипломы және «Ең жас ғалым-2020» халықаралық жобасының төс белгісімен марапатталды.

Жобаның басты мақсаты – жас ғалымдардың маңызды инновациялық жобаларын таңдау, ғылыми қызғушылығын арттыру, ТМД елдері және ғылымды дамыту үшін бірлеске платформа құру болып табылады.

«Аталмыш жоба жыл сайын өткізіліп тұрады. Қатысушылар ғылым, өнер және спорт тақырыптары бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Сонымен бірге, қоғамдық жастар қозғалысының көшбасшылары және төрағалары үшін арнайы аталым ұсынылды. Біз ғылыми жобалар бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттерді құттықтаймыз», - деді университеттен.

Ғылыми жобалардың материалдары елдерінің «Ең үздік жас ғалым-2020» II халықаралық кітап баспасында жарияланды.

Жоғары қарай