Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақмолалық спортшы семсерлесуден Азия чемпионатында жүлдегер атанды

2019 жылдың 26 қазан 2019 09:44

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық спортшы Александр Савин Тайланд елінде өткен семсерлесуден Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметіше, Бангкокте өтіп жатқан байрақты жарысқа Азия елдерінен жиналған 61 спортшы қатысып, бақ сынады.

«Семсерлесу U-23 турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Ақмола облысынан барған Александр Савин мен Ерлік Сертай өнер көрсетті. Оның ішінде Александр үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі үшінші орыннан көрінсе, Ерлік 22-ші орынға тұрақтады», дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Спорт,
Жоғары қарай