Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолалық сегіз кәсіпкер «Ashyq» жобасынан шығарылды

2021 жылдың 17 маусым 2021 10:13

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында QR-код бойынша келушілер саны нөл болған сегіз кәсіпкер Ashyq жобасынан шығарылды, олардың QR-кодтары сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облысында «Ashyq» жобасының арқасында мекемелерге баруға тырысқан «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 83 адам анықталды. Олардың ішінде-30 КВИ («қызыл» мәртебе) және 53 байланыста болған («сары» мәртебе) науқастар.

«Анықталған «қызыл» және «сары» мәртебелердің ең көп саны Бурабай ауданында-32, Көкшетау қаласында-29, Степногорск қаласында-6 және Атбасар ауданында-4 адам. Жарқайың, Аршалы, Ерейментау, Есіл, Зеренді, Сандықтау және Целиноград аудандарында бір жағдай анықталды», - деп атап өтті ведомстводан.

Анықталған мәртебелердің жалпы санынан 20 адам Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Оның 13-і Бурабай ауданында, 3-і Атбасар ауданында және 4-і Көкшетау қаласында анықталды. Сондай-ақ, Алматы қаласының екі тұрғынында, бір қарағандылықта және Петропавлдың үш тұрғынында мәртебелер анықталды. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайындағы мәртебесін тексеру кезінде жолаушылар арасында «қызыл» және «сары» мәртебесі бар тоғыз ақмолалық анықталды.

«Өңірде «Ashyq» жобасы ағымдағы жылдың сәуір айынан басталды, осы қосымша бойынша 432 нысан ресми жұмыс істейді, ал қалғандары - тестілік режимде. Сонымен қатар, QR-код бойынша келушілердің саны нөл болған сегіз кәсіпкер «Ashyq» жобасынан шығарылды, олардың QR-кодтары сөндірілді. Бұлар Көкшетау қаласындағы «Алматы» дәмханасы, «Avenue» мейрамханасы, «Место про мясо қамыр» дәмханасы, «JJB» дәмханасы. Атбасар ауданында «Унгурян» ЖК компьютерлік клубы және «Әубәкірова» ЖК тиесілі «Бағыз» дәмханасы. Бурабай ауданындағы «Қабыкеев» ЖК дәмханасы, сондай-ақ, Ерейментау ауданындағы «Ақжол» жол бойындағы сервисі», - деп қосты ведомстводан.

Аталған нысандардың тізімі Ақмола облысы әкімдігінің сайтында орналастырылған.

Еске сала кетейік, «Ashyq» енгізудің негізгі мақсаты-жұқтырған немесе байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға бару жағдайларын болдырмау. «Қызыл» және «сары» мәртебесі бар науқастар үй карантинінің 14 күнін сақтауы тиіс. Егер азамат өзінің жұқтырылған мәртебесі туралы біле тұра, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзса және айналасындағыларға қасақана жұқтыру қаупін тудырса, оған 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.


Жоғары қарай