Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолалық оқушылар арасында Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктер туралы пікірсайыс өтті

2021 жылдың 27 қазан 2021 04:22

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктер» тақырыбында оқушылар арасында пікірсайыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шортанды ауданы Бектау ауылының жалпы білім беретін орта мектебінде «Сөз мерген» дебат клубының мүшелерінің қатысуымен өткен пікірсайыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.




Шара шешендік өнер саласында жас ұрпақтың өзіндік көз қарасын қалыптастыра отырып, қоғамға деген жалпы пікірін ашық айтуға баулу және топ алдында шешен сөйлеу әдебін қалыптастыруға бағытталған. Пікір сайыс ұйымдастыра отырып өз тобының қызығушылығын нақты аргументермен қорғай алатын білімді және сауатты жастар қалыптастыру.

Пікір сайыс екі топтың қатысуымен өткізілді. Оның ішінде «Жалын» тобында Ардақ Әміш және Руслан Нұрболат болса, «Алау» тобында Дариға Әдият мен Думан Алдан өз ой пікірлерін ортаға салды. Пікір сайыстың ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ербол Мәдениет жеңімпаз «Жалын» тобының мүшелерін құттықтап, марапаттады.








Жоғары қарай