Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолалық бишілер Қазақстан кубогын жеңіп алды

2021 жылдың 25 ақпан 2021 23:52

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық бишілер Қазақстан кубогінде 5 бірінші, 10 екінші және 2 үшінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы қаласында спорттық биден Қазақстан Республикасының кубогі сарапқа салынды.

Жарысқа Ақмола облысынан 20 талантты спортшы қатысқан.

«Елизавета Воронина қыз балалар арасында үш бірінші орынға ие болды, 1-8-9 жас. Бұл Самба кубогі, Үш би (н3 класс), Баяу вальс кубогі. Екінші орын-Ча Ча ча кубогі», - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Максим Белоусов пен Эвелина Пилипенко (ұлдар мен қыздар1 – н-3 сейшн) арасында бірінші орын алды.

Зиядин Мағжан мен Қасым Ясмин бірдей жас санатында екінші орын алды.

Зейнулла Абай мен Айша Төлеш жасөспірімдер арасында үш би түрінің барлығында жүлделі екінші орынды иеленді – 14-15 жас.

«Нұрхан Құрманғалиев пен Ясмина Айдарова осы категорияда бірінші орын алды» деп толықтырды ведомстводан.

Ярослав Стах пен Баяхмет Айдина ұлдар мен қыздар арасында екінші орын алды.



Жоғары қарай