Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолалық балуан Қазақстан чемпионы атанды

2020 жылдың 23 қараша 2020 16:05

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық палуан Дәулет Теміржанов ересектер арасында еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметінше, Алматы қаласында ересектер арасында күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні боз кілемге шыққан палуандар еркін күрестен күш сынасты. Жарысқа Ақмола облысынан 9 палуан қатысты.

« 57 салмақтағылар арасында Дәулет Теміржанов чемпион атанып, Ұлттық құрама сапына енді», - дейді ведомстводан.

Дәулет Теміржанов Бөгенбай батыр атындағы спорттағы дарынды балалардың облыстық мектеп-интернатының түлегі. Ол жоғары спорттық шеберлік мектебінде жаттығады. Жаттықтырушылары Евгений Судейкин, Ерік Жапаров және Фархат Шәйімов.

«Дәулет 57 салмақтағылар арасында жеңіске жетіп, өзінің мықты екенін дәлелдеді. Осындай олимпиадалық салмақта оның үздік атануы тектен тек емес. Бұл біздің спортшылардың деңгейі жоғары екенін көрсетеді», - дейді еркін күрестен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әсет Серікбаев.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Спорт, Ақмола облысы,
Жоғары қарай