Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолалық арулар әйелдер күресінен Қазақстан чемпионы атанды

2021 жылдың 6 наурыз 2021 13:40

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының балуан қыздары Қазақстан Чемпонатында төрт алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте облыс құрамасы 1 орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскемен қаласында еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының U-23 чемпионаты аяқталды.

«Жарыста Ақмола облысының спортшыларына тең келер ешкім болған жоқ. Боз кілемге шыққан ақмолалық арулар Эллада Махяддинова (53 кг), Айна Теміртасова (65 кг), Альбина Қайыргельдинова (68 кг) және Александра Зайцева (72 кг) қарсыластарының барлығын жеңіп, ел чемпионы атанды», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Сонымен бірге, Ақмола облысының құрамасы жалпыкомандалық есеп бойынша да 1 орын алды.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Спорт, Ақмола облысы,
Жоғары қарай