Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмоладағы жол апатының дені жылдамдықты асырудан орын алған - вице-министр

2022 жылдың 13 мамыр 2022 00:46

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының аумағындағы автожолдарда жол-көлік оқиғалары санының өсуі жылдамдық режимінің жиі асырылуынан туындаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Саденов қатысқан аппарат жиынында айтылды.

«Жылдамдық режимінің асырылуынан туған төтенше оқиғалар жалпы статистиканың 60%-нан астамын құрайды. Ал апаттылықты төмендету – полиция алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Осы мәселені егжей-тегжейлі талқылау кезінде апатты жағдайды тұрақтандыру бойынша ұсыныстар, оның ішінде патрульдеу бағыттарын өзгерту, цифрлық технологияларды пайдалану және бейнебақылау жүйелерін интеграциялау бойынша ұсыныстар қаралды», - деген вице-министр.

Айта кету керек, ақмолалық полицейлер күнделікті қызметінде 40-тан астам автоматты жүйені кеңінен қолданады, оларда 20 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу тіркелген және жолы кесілген.

«Апаттылықты төмендету және жол инфрақұрылымының сәйкестігін тексеру үшін 900-ден астам жол тексерілді, 109 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды», - деп жазылған хабарламада.

Басты сөздер: Полиция, Жол, Ақмола облысы,
Жоғары қарай