Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолада жолда қалған 100-ге жуық адам құтқарылды

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 14:44

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында боранда жолда қалған 100-ге жуық адам құтқарылды, оның 31-і Тәжікстан азаматтары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аумақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жолда қалған жолаушыларды көліктерден шығарылып, жақын маңдағы жылыту орталықтарына орналастырылуда. Мәселен, бүгін Ақкөл ауданы аумағында қар құрсауында қалған Тәжікстан Республикасының екі азаматы құтқарылды.

«Ақкөл аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері «Нұр-Сұлтан – Щучинск» республикалық автожолында құтқару жұмыстары жүргізілді. Бес адам құтқарылды. Оның үшеуі қазақстандық, екеуі тәжікстандық азаматтар. Оларды Ақкөл аудандық мәдениет үйіндегі жылыту орталығына жайғастырылды», - деді Ақкөл аудандық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Аят Серәлиев.

Осы ретте, Ақмола облысында бес тәулік бойы экстремальды жағдай орын алып отыр. қалдың қалың түсуі мен желдің салдарынан боран, сырғыма орын алып, қалааралық жолдар уақытша жабылды.

Қазіргі кезде, «Щучье – Нұр-Сұлтан», «Нұр-Сұлтан-Ерейментау», «Нұр-Сұлтан- Қарағанда» жолдары көліктің барлық түрі үшін жабық. Сағат 11:30-ден күннің ашылуына байланысты «Екатеринбор-Алматы» (917-1007 км, Жақсы кенті – Атбасар қаласы), «Жақсы-Есіл-Бұзылық» (0-82 км, Жақсы кенті – Бұзылық) көліктің барлығы түріне ашылды.


Жоғары қарай