Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Ақмолада үйдің шатырынан құлап, ауруханаға жетпей жолда қалған ер адам құтқарылды

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 16:02

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында тұрғын үйдің шатырынан құлап мертіккен ер адамды ауруханаға алып бара жатқан көлік жолда қарға батып қалды.

Көмекке құтқарушылар келіп, науқастың аурханаға жетуін қамтамасыз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметінде сілтеме жасап.

«Сағат 14:35 шамасында дене жарақатын алған адамды аурханаға алып бара жатқан көліктің қар құрсауында қалғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына ГТ-ТБ шынжыр табанды траспортерімен Атбасар МӨБ-4 жеке құрамы және жедел жәрдем медициналық көмек фельдшері жетті. Құтқарушылар мертіккен ер адамды эвакуциялап, жедел жәрдем көлігіне отырғызып, аурханаға жеткізілуін қамтамасыз етті», - дейді ведомстводан.

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылдың 18-ші қаңтарында 1977 жылғы ер адам тұрғын үйдің шатырынан құлап, қабырғасын жарақаттап алған екен. Кейін оны ауруханаға алып бара жатқанда көлік «Ново-Мариновка – Атбасар» жолында қарға батып қалған.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай