Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолада мүмкіндігі шектеулі жандар қызметті онлайн алуды үйреніп жүр

2020 жылдың 23 қараша 2020 20:10

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Халықтың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті тұрақты негізде Egov.kz портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларына оқыту жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Қанат Әйтімов денсаулық жағдайына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруға қиналған азаматша үшін жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында маман электрондық-цифрлық қолтаңбаны алуға және мобильді азаматтар базасында қашықтықтан тіркелу бойынша көмек көрсетті.

Маманның айтуынша, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу түрлі инстанцияларға баруды талап етпей, уақытты айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.

«ЭЦҚ қолдану мерзімі аяқталған жағдайда мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөмірлеріне SMS-хабарламалар келеді», - дейдә Қанат Әйтімов.

Жаңа ЭЦҚ алу үшін әрбір адам Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының интернет-ресурсында ЭЦҚ қайта іске қосу сервисін пайдалана алады. pki.gov.kz) немесе «электрондық үкімет» порталы арқылы «ЭЦҚ қашықтықтан алу» функциясының көмегімен алуға болады. Қажет болған жағдайда өзіңіздің мобильді телефон нөміріңізді мобильді азаматтар базасында тіркеуге болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қосымша сұрақтар бойынша 51-81-33 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Жоғары қарай